2019 жылдың күзінде халықаралық аналитикалық агенттік J. D. Power and Associates Жапонияда жүк көлігі иелері арасында жыл сайынғы зерттеу жүргізді. Көлік иелерінің қанағаттану деңгейі келесі көрсеткіштер бойынша анықталды: көлік құралының сапасы, сервистің сапасы, сатылым және құны.Зерттеу барысында
Hino ауыр жүк көліктері сегментінде клиенттердің қанағаттануы бойынша
11-рет қатарынан, ал жеңіл жүк көліктері сегментінде
6-рет қатарынан бірінші орынды иеленді. 2019 жылғы жапон жүк көліктері иелерінің қанағаттану зерттеуі 4042 жүк көлігі иесінен алынған 6020 жазбаға негізделген.
Бұл нәтижелер Hino жүк көлігі бәсекелестер арасында сөзсіз көшбасшы екенін, ол тек клиенттердің күткенін қанағаттандырып қана қоймай, одан да асып түсетінін дәлелдейді.
Толығырақ ақпарат алу үшін зерттеу сілтемесіне өтіңіз:
https://www.jdpower.com/business/press-releases/jd-power-2018-japan-heavy-light-duty-truck-ownership-satisfaction-study