Orbis Auto – Orbis Kazakhstan компаниялар тобының автомобильдік бөлімшесі, Қазақстан Республикасындағы автокөлік бөлшек саудасы саласының көшбасшыларының бірі болып табылады. Компания 2012 жылғы 28 қыркүйекте құрылған.
Бүгінде Orbis Auto брендтер портфелі 9 автомобиль маркасын, арнайы техниканың 1 брендін және жүк техникасының 1 брендін қамтиды: Toyota, Nissan, Mitsubishi, Hyundai, Cadillac, Chevrolet, Volkswagen, JAC, Ravon, JCB, Hino.
Компанияның дилерлік желісіне Қазақстан Республикасының 9 қаласындағы 16 ресми 3S орталығы кіреді: Toyota City Astana, Toyota City Almaty, Toyota Center Aktau, Toyota Center Kostanay, Toyota Center Karaganda, Nissan Center Almaty, Nissan Center Aktau, Nissan Center Oral, Nissan Center Atyrau, Volkswagen Center Oral, Atyrau мультибренд орталығы (JAC, Ravon, Mitsubishi, Hyundai), Pavlodar орталығы, Hyundai Center Shymkent, JCB Almaty, Hino Almaty, Cadillac Almaty.
Ұзақ уақыт бойы HINO қоршаған ортаны қорғауға, қауіпсіздікті арттыруға және автомобиль көлігінің негізгі функцияларын жетілдіруге бағытталған жүк көліктері мен автобустарды өндіру технологияларын әзірлеу саласында көшбасшы болып келеді. Компаниямыз жүк көліктері мен автобустарға деген қажеттіліктерге жаһандық деңгейде жауап беруге ұмтылады.
«Клиент бәрінен жоғары» қағидасы – HINO компаниясының бүкіл әлем бойынша жүк көліктерін өндірудегі басты ұстанымы. Компанияның даму тұжырымдамасы HINO брендін толыққанды жаһандық брендке айналдыру мақсатын көздейді. Осы мақсатқа жету үшін компанияның әрбір қызметкері бар күш-жігерін жұмсайды.
HINO жүк көліктері мен автобустарды шығаратын зауыттарында TOYOTA өндірістік жүйесін толық енгізген. Өнімділікті арттырумен қатар қатаң сапа бақылауына негізделген бұл жүйе жоғары техникалық сипаттамалары бар сапалы өнімдерді тиімді өндіруге мүмкіндік береді.
TOYOTA-ның корпоративтік басқару жүйесі мен өндірістік бақылау қағидаттарын енгізу арқылы компания тұрақты бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін корпоративтік құрылымды нығайтады.
ORBIS компаниясы өзінің артықшылықтарын пайдалана отырып және Жапониядағы жүк көліктері мен автобустар өндірісінің көшбасшысы Hino компаниясымен ынтымақтастықта Қазақстан бойынша клиенттердің сеніміне ие болуды мақсат етеді. Компания ең жаңа технологияларды, әсіресе қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздікке қатысты шешімдерді енгізуді жалғастырып, оларды сапалы әрі жауапты сервистік қызметпен қолдауға ниетті.
ORBIS компаниясының болашаққа деген көзқарасы – жүктер мен жолаушыларды қауіпсіз әрі тиімді, қоршаған ортамен үйлесімді тасымалдайтын көлік жүйесін қалыптастыру. Заманауи экологиялық технологияларды енгізу арқылы біз осы көзқарасты іс жүзінде жүзеге асыруға ұмтыламыз.